Өлеңді жазған: Қайырбек Шағыр (Фазу Әлиевадан аударма өлең)
Тау халқында бір аңыз бар мынадай.
Анасына қызы келіп шыдамай,
Мұң шағыпты:,,Ерім менің тұрақсыз,
Өзге әйелге көп барады, бұ қалай?,,
Анасы айтты: ,,Уайым емес бұл жаман.
Тауып әкел бір-екі тал қыл маған.
Қыл болғанда, жолбарыстың тірідей,
Мұртын барып өз қолыңмен жұл, балам,,
Көздерінің тым үлкейіп шарасы,
,,Не деп тұрсыз?,, деп шошынды баласы.
Сен әйелсің, келер бәрі қолыңнан
Байқап көр - деп міз бақпады анасы.
Сан ойланып, толғанды қыз неше күн,
Тапқандай боп бұл істің де есебін.
Ну орманға сіңіп кетті бір күні,
Қой етінің қолына алып кесегін.
Таса жерден күткені оның жолбарыс.
Көлбең етті, емес екен ол да