Тіпті қозғалар емес.Күннен күнге толығып толып күшейіп келе ме қалай?
"Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ жоқ" деген хабарламалар толассыз ағылуда. Ғаламторды ашсаң да қолдағы қалтафоныңда да сол айғақ.Бүгінгі күн райын өлшеп,санап салып қойыпты.
Балабақшадағы сəбилерді аяған прессаны байқамадым.Аяз күші мейлі минус 40.С ты..мейлі минус 50.С ді көрсетсе де мектеп жасына дейінгі сəбилерді үйде кім қараусыз қалдырсын.Балабақша қызметі тоқтамайды.
Ал,менің оқушы кезімде де аяз кесірінен сабақ тоқтатылатын.Төрде тұрған радиодан естісең естідің..естімесең кете бересің.
Ол радио тек концерт тыңдау үшін қосылатындай еді.Талай қазақтың əндерінің əуені мен сөзін жадымызға сақтасақ осы радио арқылы екені анық.
Айтпақшы аяз жайлы еді ғой айтарым.Содан, аязды күні сабақ тоқтатылады.Оны бізге кім айтсын."Бар сабағыңа"деп үйден шығарып жібереді үйдегі үлкнндер.Дала қақап тұр,буымыз бұрқырап..екі бетті шымшыған аяз..шымсыса бір жақсы..үсітіп жансыздандырып тастайтын. Қойшы содан,мектеп табалдырығын аттай бергенде..алдыңнан еден жуатын апаларым шығады, "Барыңдар ..сабақ жоқ,бүгін аяз " дейтін еді..біз бір аязды сезбейтіндей) "Сабақ жоқ"десе неге қуанамыз..білмеймін.Далаға қайта "алақайлап" жүгіреміз.Үйден "сабағыңа бар" деп қуса..Мектебіңнен "бар үйіңе" деп шығарып жіберетін.Ой шіркін..даланың аязы не керек ,басыңда бостандық бар..уақыт өзіңдікі..алысып жұлысып..сөмкең бір жақта..өзің бір жақта..жағаң жайлауда..Үйге ерте бармаудың амалы керек. "Мал жайла..су əкелден".құлағыңа да демалыс керек қой.
Аяғыңда пима.Ішінде ұлтарық.Табандалған. (платформа))).Келе жатып көшедегі колонканы көресің..Жан жағы мұз.Су ақпай жатып жерге мұз болып түсіп жататын) Сол маңайға барсаң аяғыңды дымдап алуға болады..Бірер минуттан соң аяғыңа коньки дайын.Табаның мұз..үстің аппақ қырау. Өзің- роботсың. Қырт-қырт..сырт-сырт..бырт-бырт..аузың да икемге келмейді. Аяқтағы "конькидің"құдіретімен сырғанаған қалпы үй жайыңа мөлшері "төрт сабақтан" соң жетесің. Шіркін балалық шақ!!! Аяз келді,СМС- імен..айтып келеді.Осындай да осындай датада күн суытады деп ерте хабарланады.Ал үйде ғаламтор бар. Балалы үй базар деуші еді.Біздің балалар тып тыныш.Бірі ноутбукті..бірі планшетін..енді бірі қалтафонын шұқып əлек. О, тоба..бұрыңғының аязы мен қəзіргі аязда айырма болғаны ғои сонда.Сіздердің аяздарыңыз қалай..мұздай ма?)
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев