Күнделікті күйбең тірліктің қамымен шапқылап жүргенімізде денсаулыққа мән бермей қалатынымызда жасырын емес қой. Жалындаған жастық шақтың жігерімен тау қопарардай күш қуатымыз барда ерінбей еңбек етсем дегем асыл мұратымыздың жолында кейде артық күш жұмсап, ағзамызды әлсіретіп алсақ керек. Соңғы екі аптада дәрігердің бақылауында болып, ағзаны қуаттандырар ем-дом алып жүрмін. Дәрігер үнемі таза ауда жүру, табиғи нәрлі тағамдар ішіп, саламатты өмір салтын қатаң ұстануым қажеттігін қатаң қатерледі. Медициналық мекемеде емдік курсымды ала жүріп, бүгін отбасыммен бірге жаныма жақын достарым Нұрлыбек Рахманов, Нұртай Текебаевтар отбасы болып табиғаттың өзі соққан ескерткіш іспеттес Теректі ауда