Приглашаем за новыми книжками!
Встреча с новой книгой – это всегда интересно и познавательно. В наше время выбор книг огромный и у каждого есть возможность прочитать самые лучшие из них. Книги помогают ребенку знакомиться с окружающим миром, учат различать добро и зло, мечтать, ставить цели, добиваться их исполнения. А встреча с новой книгой — это радость вдвойне!
Цель выставки – познакомить читателя с новыми книгами, привлечь его к чтению, повысить его интерес
Кітаптар – біздің рухани байлығымыз, білім теңізіндегі өз компасымыз. Өйткені, ғаламның бар құпиясы кітаптарда сақтаулы. Ұлттық болмысымыз бен тарихымызды, салт-дәстүріміз бен тілімізді сүйіп, оны бойға сіңіруде кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптардың септігі тиері анық.
Дауыстап оқу. «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!»
Мақсаты :балаларды оқылғандарды түсіну үшін мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту жатқа айтуға үйрету, сөздік қорын молайту. Ақын, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақовтың өлеңдерін оқу.
«Қатал тағдырға мойымаған ақын» Бүркіт Ысқақұлының туғанына 100 жыл. Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз»!
"Бір ел – бір кітап" дәстүрлі республикалық акциясының аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі.» виртуалды тақырыптық сөре.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, рухани мұраны сақтау, отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, заманауи әдебиет пен поэзияға қоғамның қызығушылығын арттыру.
«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» тақырыптық сағат.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Сол сан түрлі мамандықтардың бірі кітапханашы мамандығы Өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев айтқандай, «Мен кітапхананы ақыл - білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашылар мамандығы ешқашан жоғалмауға тиісті ,сол асыл қазынаның сақшылары деп санаймын»- дегендей 2024 жылғы түлектерге Тәттімбет атындағы Қарағанды өн