Кішкентайындағы нәрселер есінде бар адамдарға қызығамын.
Өйткені, өзімнің есімде ештеңе жоқ. Қалай өстім, бауырларыммен қандай қарым қатынаста болдым, мектепте қалай жүрдім…
Тым мисыз болдым деуге келмейді, себебі математиканы, есеп шығаратын сабақтарды жақсы көрдім. (Оныда бертін келе кластастарымнан есіткенмін). Менде ораторлықта қабілет болған дейді. Маған қызығатындарда, еліктегендерде, ғашық болғандарда көп болған дейді.( кластастарымнан естігенім)
Солар неге ұмыт болып, есімде қалмағанын білгім келеді. Гипнотерапияға барғым келген. Бірақ, оған бармаяқ жәй психологиямды зерттегенде регреске түсіп кете берген соң, ары қарай тереңдетуге қорықтым.
Демек, ұмытылып кеткенінде бір мән бол